Басқа

Биыл 71 қазақстандық спортшының сынамасынан допинг табылған

Биыл  71 қазақстандық спортшының сынамасынан допинг табылған
news-banner7
mobile-news-top

2016 жылдың 11 айында Қазақстанда 71 спортшының сынамасынан допинг табылған.

Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан «Спорттық медицинадағы өзекті мәселелер» деп аталатын конференцияда Қазақстанның антидопинг орталығының директоры Майра Бақашева мәлімдеді. Орталық директорының сөзінше, допинг сынамасы оң нәтиже берген спортшылардың көбісі қазіргі таңда жарыстардан шеттелген. 71 спортшының 34-і мельдоний препаратын қолданған екен.

Айта кеткен жөн, мельдоний 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап рұқсат етілмеген препараттар тізіміне енгізілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер