Болжам бұрыш
Футбол

Жексенбілік жеңістер

Жексенбілік жеңістер
news-banner7
mobile-news-top

Борнмут - Ливерпуль

"Борнмут" өз алаңында жақсы ойнайды. Жалпы, мықты командалардың талайынан ұпай алды. Тегеурінді ұжым. Дегенімен, "қызылдар" алаң иелерін жеңуге белді бекем буған. Қарсыластың қиын екенін анық ұғынып жүр. Соңғы кезде тамаша ойнап жүрген Дивок Ориги "Ливерпульдің" шабуылын күшейтті. Фирминьо мен Коутиньоның да гол соғатын аптасы осы. Сондықтан да, мен бұл жерде "Ливердің" жеңісіне бәс тігіп көрмекпін. Ж2-1,64 коэф.

Эвертон - Манчестер Юнайтед

Уэйн Рунидің түлеп шыққан командасы "Эвертон" "Манчетерге" қиын қарсылас. Ыңғайсыз қарсылас десек болады. Әсіресе Ромелу Лукаку секілді шабуылшысы бар команда кез-келген командаға гол соғып кетуімүмкін. Ал "МЮ-дің" жағдайы біріншілікте сәл нашарлап жүр. "Қызыл сойқандардың" басты мақсаты алғашқы төрттікке ену. Ал қазір осы екі команда көршілес тұр. Мұндай матчты 6 ойын үшін тартыс деп атап жатады. Қонақтардың басымдылығын сезгенімізбен, "екі команда да гол соғады" деген бәст таңдағымыз келеді. Оның үстіне 1,85 деген ірі коэфицент ұсынылған.

Милан - Кротоне

Миландық клуб қазір алғашқы үштікте. Соңғы матчты сыртта өте тамаша өткізді. 4 бірдей гол соқты. Команданың баяғы мықты қорғанысы қайта оралып келе жатқан секілді. Осы матчта Серия А-ға жаңадан келген Кротоне ештеңе жасай алмас. Сондықтан да, "Миланның" жеңісі айқын көрініп тұр. 1,35 коэфицент.

Одан бөлек кішігірім маңызы төмен матчтардан терген бәстерімізді айта кетсек. "Соссуоло" деген гол соққыш командамыз өз алаңында Эмполиге кем дегенде 1 гол соғатыны анық. "Лацио" - "Рома" ойынында жалпы тотал 2-ден көп болады. "Фиорентина" - "Палермо" кездесуінде алаң иелері жеңіс тіркейді. Себебі, соңғы турда оңбай ұылған болатын. Барлықтарыңызға сәттілік.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер