Басқа

Зілтеміршілерімізді Мельников баптайды

Зілтеміршілерімізді Мельников баптайды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның ауыр атлетикадан бас бапкері қызметіне Юрий Мельников келді.

Tengrinews.kz порталының хабарлауынша, мұндай шешім Қызылордада 2 желтоқсанда Федерацияның бапкерлермен болған кеңесінде қабылданды.

59 жастағы Юрий Мельников Шымкент қаласында дүниеге келген. 1985 жылдан бастап бапкер қызметін атқарып келеді. Мельников 1992-2002 жылдары Қазақстан құрамасының бапкері де болған. 2000-2002 жылдары әйелдер құрамасының бас бапкері қызметін атқарған. Айта кетейік, Юрий Мельников соңғы жылдары Шымкенттегі спорт мектептерінде жұмыс істеген. Сондай-ақ, Мельник "Кұрмет" және басқа да Қазақстан Тәуелсіздігінің 10-жылдығы және 20-жылдығы қарсаңында сыйланған медальдарға ие.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер