Спорт жанкүйерлері
Басқа

Рукада Әлем кубогының екі кезеңі аяқталды

Рукада Әлем кубогының екі кезеңі аяқталды
news-banner7
mobile-news-top

1-2 желтоқсанда Финляндияның Рука қаласында шаңғы-акробатикасынан Еуропа кубогының екі кезеңі өтті.

Қазақстан құрамасы маусымды дәл осы жарыспен бастады. Айта кету керек, ұлттық құрама ОЖЖ жиынын Финляндия елінде өткізген болатын.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан әйелдер құрамасынан Жібек Арапбаева ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізді. Екі мүмкіндіктен кейін Жібек 130,86 ұпай жинап, оныншы орынға жайғасқан болатын. Жанбота Алдабергенова 121,51 ұпаймен 11-ші орынға жайғасса, Ақмаржан Қалмұрзаева 120,63 ұпаймен 12-ші орынға табан тіреді.

«Бұл осы маусымдағы алғашқы жарысымыз. Жарысқа толық дайын болмадық. Дегенмен нәтиже жаман емес. Енді Әлем кубогына дайындық жүргіземіз», - деді құрама капитаны Жібек Арапбаева.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер