Болжам бұрыш
Футбол

«Эль-клссикода» кімге бәс тіккен дұрыс?

«Эль-клссикода» кімге бәс тіккен дұрыс?
news-banner7
mobile-news-top

3-желтоқсан күні футбол сүйетін жанкүйерлер үшін нағыз той болғалы тұр. Сенбі күні атынан ат үркетін бірнеше матч бар. Ендеше біз сол матчтарға өз ойымызша бәс тігіп көрсек. Болжам айтсақ.

"Манчестер Сити" - "Челси"

Тура қазір турнирлік кестеде бірінші орында тұрған "Челсиді" тоқтататын кез болып тұрған секілді. Чемпионат басталғалы бері ең аз гол жіберген лондондық ұжым, қорғанысымен мақтана алады. Ал "Манчестер Сити" командасы шабуылымен көзге түсіп жүр. Агуэро мен Де Брюйне кез-келген қорғанысты бұзып жаратын жігіттер. Демек, өз алаңында бір гол соғатын "Сити" жеңісті ұстап қала ала ма? Мұндай матчтарға болжам берудің қиын екенін түсіне отырып, біз қос команда да гол соғады деген тұжырымға келдік. Ең дұрысы сол болады-ау.

"Барселона" - "Реал" Мадрид

"Эль-клссико" деген атышулы доданың қалай аяқталарын ешкім болжай алмас. Дегенмен, матчқа тоқталып өтсек. Иньеста мен Бэйлдің жоқтығы өз әсерін берері анық. Екі команда да, соңғы матчтарда екінші құраммен ойнады. "Камп Ноуда" өтетін ойында алаң иелері басымдылық танытары сөзсіз. Дегенмен, Роналду бастаған жігіттер қарап қалмас. Бұл ойында да екі команда гол соғады. Жалпы, тотал 2,5 көп және бұрыштамалар саны 7,5 көп болатын шығар.

"Тоттенхэм" - "Суонси"

Лондондық команда соңғы турда "Чеслиге" жеңілді. Енді өз алаңындағы матчта жеңіс керек. "Суонси" "Кристал Пэласпен" өткен матчты триллерге айналдырды. "Аққулар" 5-4 есебімен жеңіске жетті. Соңғы екі голды кәрі қасқыр Льеоренте соқты. Ол да осы матчта тағы бір көзге түсуді көздейді. Алайда, жарақатынан айығып кеткен Харри Кейн белсенетін кез жетті. Алаң иелерінің жеңісі бәрінен де сенімді естіледі.

"Ювентус" - "Аталанта"

Осы аптадағы өз алаңында жеңіске жетуі тиіс команданың бірі "Ювентус". Өткен турда сыртта "Дженоаға" оңбай жеңілген туриндіктер бұл аптада 3 ұпайды қоржынға басуы тиыс. Қорғаныстағы Кьелинидің жоқтығы қатты әсер етпеуі керек деп білеміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер