Күрес

Қазақстан «Еуразия Барысының» жартылай финалына шықты

Қазақстан «Еуразия Барысының» жартылай финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

«Еуразия Барысы» халықаралық турнирының алғашқы жартылай финалдық жұбы анықталды.


Алғашқы ширек финалдық кездесуде грузиялық балуандар Өзбекстаннан келген қарсыластарын 6:2 есебімен қапы қалдырған болатын. Содан кейін кілемге Қазақстан мен Польша құрамалары шықты. Жергілікті жігіттер қонақтарды оңай жеңіп кетті. Кездесуде Марат Нығматұллаев, Ержан Мағауинов, Бақдәулет Сәбитов, Айдос Ғалымов, Дәулет Пахрединов, Айбол Айтбек, Мұхит Тұрсынов және Айбек Нұғымаров жеңіске жетті.

Енді алғашқы жартылай финалдық кездесуде Қазақстан мен Грузия құрамалары кездеседі. Қалған ширек финалдық кездесулерде Моңғолия мен Украина, Ресей мен Тәжікстан күш сынаспақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер