Футзал

УЕФА кубогының Төрттік финалы Алматыда өтеді

УЕФА кубогының Төрттік финалы Алматыда өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан УЕФА кубогының Төрттік финалы Алматы қаласында өтеді.

Бұл туралы «Р-Спорт» агенттігіне шағын футболдан Ресей Ассоциациясының президенті Эмиль Алиев мәлім етті.

Бүгін Ньон қаласында УЕФА кубогы мен жағажай футбол комитетінің отырысы өтті. УЕФА кубогының ақтық кезеңінде ресейлік «Газпром-Югра», португалиялық «Спортинг», испаниялық «Интер Мовистар» және алматылық «Қайрат» күш сынасады.

«Комитет мүшелері қазақстандық «Қайраттың» ұсынысын қолдады. 2017-ші жылдың сәуір айында УЕФА кубогының Төрттік финалы Алматыда өтеді, - деді Эмиль Алиев.

Естеріңізге сала кетсек, жақында ғана УЕФА кубогының екі дүркін иегері «Алматы Аренада» УЕФА кубогының Элиталық кезеңін қабылдаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер