Футзал

Игита: «Алматыда ойнау - үлкен қуаныш!»

Игита: «Алматыда ойнау - үлкен қуаныш!»
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футзал клубының қақпашысы Игита Prosports.kz тілшісіне «Никарспен» өткен матч (1:4) жайлы және УЕФА кубогының Төрттік финалы туралы айтып берді.

«Никарс»? Бұл команда жыл сайын жақсы ойын көрсетуде. Бірінші таймда бірнеше гол соғып, екінші кезеңде босаңсып ойнадық. Соның кесірінен бір гол жіберіп алдық. Әйтсе де, ең бастысы үш ұпайға қол жеткіздік.

Алматыда ойнау біз үшін үлкен қуаныш. Жанкүйерлер бізге қызу қолдау көрсетті. Басты мақсатты орындадық. Топта бірінші орын алдық. Биыл біз Қазақстан чемпионаты мен кубогын ұттық. Енді келесі жылы бізді Төрттік финал күтіп тұр. Қарсыластарымыз «Мовистар», «Газпром» және «Спортинг». Бұл ұжымдар өте мықты ойыншылардан жасақталған. УЕФА кубогы басталар алдында қарсыластарымыздың ойындарын зерттей бастаймыз», - деді Игита.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер