Футзал

«Қайраттың» қарсыластары кім?

«Қайраттың» қарсыластары кім?
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан УЕФА Кубогының Төрттік финалында өнер көрсететін клубтар белгілі болды.

Төрттік финалға берілер төрт жолдаманың біреуін алматылық «Қайрат» алып қойғанын білетін боларсыздар. Какау шәкірттері «А» тобынан шығып отыр.

Аталмыш турнирдің дәл қазіргі жеңімпазы ресейлік «Югра» «В» квартетінде топ жарып, өз титулын қорғап қалуға мүмкіндік алды. Ал испаниялық «Интер» де «С» тобында қарсылас шақ келтірмей, екінші орындағы командадан алты ұпайға озып кетті.

Төрттік финалына шыққан ұжымдардың ішініде 9 ұпай еншілей алмаған тек «Спортинг» болды. «D» тобында портуалиялық ұжыммен қатар, мәскеулік «Динамо» да 7 ұпай еншілеген еді. Бірақ «Спортинг» қосымша көрсеткіштердің арқасында келесі кезеңге өтіп отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер