Болжам бұрыш
Футбол

Сенімді жеңістер аптасы

Сенімді жеңістер аптасы
news-banner7
mobile-news-top

"Арсенал" - "Бонмут"

Бұл жексенбі күні өтетін ең сенімді матчтардың бірі. Чемпиондар лигасында ПСЖмен тең түскеннен кейін "Арсенал" "Борнмуттың" екі аяғын бір етікке тығуы тиіс. Букмекерлік кеңселер Арсен Венгер командасының жеңісіне 1,45 коэфицент беріп тұр. Соңғы кезде тең ойнап жүрген "зеңбірекшілер" осы жолы анық жеңісті көксейтіні анық. Матч Астана уақытымен 20-15-те басталады.

"Вильяреал" - "Алавес"

Еуропа лигасында "Цюрихпен" тең түскеннен кейін "сүңгуір қайықтылардың" көсілетін кезі. Футболшыларға өз алаңында жеңіске жеткеннен артық рахат бар ма? 4-орында тұрған "сарылар" осы жолы турнирлік кестенің түбіндегі аутсайдерді аямай ұтуы тиіс деп отырмыз. Алайда, букмекерлік кеңселер алаң иелерінің жеңісіне неге екені білгісіз көбірек коэфицент беріп тұрған секілді. 17-00-де басталатын ойында алаң иелері жеңеді дегенге 1,53 коэфиценті беріліп тұр.

"Осасуна" - "Атлетико" Мадрид

Чемпиондар лигасында ПСВны жеңгеннен кейін мадридтіктерге ішкі біріншілікті ойлайтын кез жетті. Олардың турнирлік жағдайы мәз емес. Олар әзірге 6-орында келе жатыр. 19-орындағы "Осасуна" өз алаңында максимум тең ойнауды ойлайды. Ал Карасско мен Гризман бастаған жігіттер 3 ұпай алуды көздейді.

"Дженоа" - "Ювентус"

Тағы бір сенімді жеңіс тігетін матчтың бірі осы. Генуядағы ойында Аллегри шәкірттері керекті ұпайды алуға тырысады. Чемпиондар лигасында сенімді жеңісті тіркеген туриндіктер енді Серия А-дағы жағдайды да жақсартуды көздейді. "Ювентустың" жеңісіне 1,6 коэфицент берілгенімен, бұл жерде сенімді түрде тәуекел жасауға болатын секілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер