Күрес

Нұрбақыт Теңізбаев ресми түрде Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды

Нұрбақыт Теңізбаев ресми түрде Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды
news-banner7
mobile-news-top

Нұрбақыт Теңізбаевқа ресми түрде Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдесі беріледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы unitedworldwrestling.org халықаралық сайтында жарияланды.

Алайда, балуанның өзі бұл мәселеге байланысты: «Құрметті достар! Бейжің Олимпиадасы мен үшін спорттық мансабымның шыңы болды. Әрбір спортшы Олимпиада ойындарының жеңімпазы немесе жүлдегері болғысы келетіні анық. Спортта ұзақ уақыт жүріп, ешқашан жеңілдің астымен ауырдың үстімен жүргенді қолдамайтынмын және қолдамаймын да. Қандай медаль болсын, оны кілем үстінде жеңіп алғанды қолдаймын. Дәл сол күні, мені Әзербайжан балуаны Виталий Рагимов ұтқан болатын, Виталийді талантты да мықты балуан ретінде танимын. Сол күні үшінші орын иелену менің маңдайыма жазылған болар, маған өзімнің ұтқан қола медалым аса қымбат. Күміс Виталийге және оның жанұясына тиесілі. Ол медальдың артында көптеген адамның еңбегі жатыр. Күміс сол еңбектің жемісі деп ойлаймын! Сіздердің жылы лебіз және қолдауларыңызға үлкен алғыс айтамын», - деп мәлімдеген болатын.

Бірақ, Теңізбаевтың қарсыласы Виталий допинг қолданғаны үшін медалінен айырылып, есесіне ХОК оның жүлдесін Олимпиадада үшінші орын алған қазақстандық балуанның еншісіне жазды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер