Спорт жанкүйерлері
Басқа

Фристайлшылар Еуропа кубогына дайындалуда

Фристайлшылар Еуропа кубогына дайындалуда
news-banner7
mobile-news-top

Шаңғы акробатикасынан Қазақстан құрамасы Финляндияда ОЖЖ өткізуде. Жаңа маусымды фристайлшылар Еуропа Кубогының алғашқы кезеңімен ашпақ. Сонымен қатар, осы маусымнан бастап Олимпиадаға іріктеу басталады. Айта кету керек, Еуропа кубогының алғашқы кезеңі 1-2 желтоқсан аралығында Финляндияда өтеді.

Өткен маусымда біздің спортшылар жақсы нәтижеге қол жеткізе алды десек болар. Қазақстандық спортшылардың арасында алғаш рет Жанбота Алдабергенова Еуропа кубогының абсолютты чемпионы атанды. Сонымен қатар, ол Әлем кубогында Қазақстанға алғашқы медаль сыйлады. Әлем кубогының Мәскеуде өткен кезеңінде Жанбота Алдабергенова "күміс" алған болатын.

"Қазір біз Финляндияда өтіп жатқан жиындамыз. Бүгіннен бастап тұғырдан секіруді бастаймыз. Жарыстарға дайындық жүргіземіз. 1-2 желтоқсан аралығында Еуропа кубогының алғашқы кезеңі басталады. Содан кейін Қытайда Әлем кубогының бірінші кезеңі өтеді. 18-19 желтоқсан аралығында Қытайдағы жарысқа қатысамыз. Осы маусымнан бастап ұпайлар саналып, Олимпиадаға іріктеу басталады. Әлем кубогының жеңімпаздар тұғырына көтерілуге тырысамыз", - деді Жанбота Алдабергенова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер