Спорт жанкүйерлері
Басқа

Рука Әлем Кубогын қабылдауға дайын

Рука Әлем Кубогын қабылдауға дайын
news-banner7
mobile-news-top

Шаңғы жарысы бойынша Финляндияның Рука қаласында Әлем Кубогының алғашқы кезеңі өтеді.

Бұл жаңа маусымның алғашқы ірі жарысы. Рукаға әлемнің ең үздік шаңғышылары "Кубоктағы" алғашқы ұпайларын жинау үшін сақадай сай болып келмек. Финляндиялықтар 5 шақырымдық айналым дайындаған. Арнайы комиссия қардың сапасы халықаралық стандартқа сай келетінін айтып өтті. Ауа-райының да әлі ұзаққа дейін нөлден төмен дәрежеде сақталатыны болжанған. Қысқасы, жарысқа қолайлы жағдай жасалынған.

Естеріңізге сала кетейін, Әлем Кубогының бірінші кезеңі 26-27 қараша аралығында Рука қаласында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер