Баскетбол

NBA жұлдызының қарындасы оққа ұшты

 NBA жұлдызының қарындасы оққа ұшты
news-banner7
mobile-news-top

«Чикаго Буллз» клубының қорғаушысы Дуэйн Уэйдтің қарындасы Чикагодағы атыстан жапа шегіп, қайтыс болды, деп хабарлайды «Р-Спорт»  баскетболшының Twitter парақшасына сілтеме қойып.

Америкалық БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, оқиға 32 жастағы Никеа Олдридж балаларын тіркеуге барған мектептің жанында орын алған. Полиция қылмыскерлер әйелді әдейі өлтірмеген дейді. Олдридж атыс кезінде кездейсоқ оқиға орнына тап болған.

«Бүгін менің қарындасымды Чикагода атып кетті. Бұл - мағынасыз зардап келтірудің нәтижесі.Төрт бала анасы қалды», - деп жазды Уэйд өзінің микроблогында.

Бұл 34 жастағы баскетболшының туыстары зардап шеккен бірінші жағдай емес. Осыған дейін, 2012 жылы, бауыры аяғынан жараланып, тірі қалған болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер