Хоккей

Рыспаев Чернышенкоға дисквалификацияны қайта қарауды сұрап, хат жазды

Рыспаев Чернышенкоға дисквалификацияны қайта қарауды сұрап, хат жазды
news-banner7
mobile-news-top

«Барыстың» ойыншысы Дамир Рыспаев ҚХЛ президенті Дмитрий Чернышенко мен Спорттық тәртіп комитетінің төрағасы Валерий Каменскийге хат жазды. 

Хоккейіші басшыларға өзіе қойылған уақыты шексіз дисквалификацияны алуды сұрап, хат жазған.

«Құрметті, Дмитрий Чернышенко! Құрметті, Валерий Каменский! Біріншіден, 2016 жылдың 8-тамызында, «Барыс» – «Куньлунь Ред Стар» ойынында орын алған жағдайға байланысты кешірім сұраймын. Мен өз кінәмді толықтай мойындаймын. Егер бүгін сондай жағдай орын алса, мен өзімді сол күндегідей ұстамайтын едім.

ҚХЛ басшылығы мен Спорттық тәртіп комитетіне хоккейші ретінде мансабымды жалғастыруымды сұраймын. ҚХЛ-да ойнау - менің бала күнгі арманым. Өз кінәмді мойындап, қандай жаза болса да өтеуге дайынмын. Сіздерден уақыты шексіз дискфалификацияны алып тастап, ҚХЛ регламентіне сай жаза қолдануды сұраймын.

Өткен маусымдағы менің қатысым бар оқиғалардың ресейлік және халықаралық БАҚ-да көп талқыланғанмен, спортшылардың бірінің де денсаулығына зақым келтірмедім. Сонымен қатар, «Куньлунь Ред Стар» шабуылшысы Томаш Марцинко да ойынға жарамды болып шықты. 

8-тамызда орын алған оқиғаға байланысты айтатын болсам, «Барыстың» маңызды ойыншысы Дастин Бойд - менің досым. 7-тамыз күні болған жолдастық кездесуде қытайлық команданың ойышылары Дастинге шабуыл жасап, күштік айлалар қолданды. Нәтижесінде ҚХЛ-дың ең үздік шабуылшыларының бірі ауыр жарақат алып, маусым соңына дейін ойынға шыға алмайды. Ойын күні аренаға келген жанкүйерлер Дастин Бойдты қолдап, плакаттар ілді. Мен эмоцияға бой алдырдым. 

«Барыс» ХК басшылығы маған қатысты әділ шешім шығарды. Жазаға тартты.
ҚХЛ мен Спорттық тәртіп комитетіне енді осындай жағдайлардың орын алуына жол бермеймін деп уәде беремін. Маған қойылған дисквалификацияны қайта қарап, регалментке сай жаза қолдануын сұраймын», – деп жазылған хатта. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер