Теннис

Олимпиадада ұтылып қалған Новак Джокович көз жасын тоқтата алмады

Олимпиадада ұтылып қалған Новак Джокович көз жасын тоқтата алмады
news-banner7
mobile-news-top
Сербиялық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович Олимпиада ойындарын аяқтады деп хабарлайды NUR.KZ.
 
Ол алғашқы айналымда аргентиналық Хуан Мартин дель Потродан ұтылып қалды. Кездесу барысында негізсіз 32 қателік жіберген Джокович 6:7, 6:7 есебімен екі сетте ұтылды.
 
Лондон Олимпиадасының қола жүлдесі үшін таласта Новак Джокович тап осы дель Потроға есе жіберген еді.
 
"Бұл спорт, оның үстіне мені жақын достарымның бірі ұтып кетті. Алайда, бұл менің өмірімдегі ең ауыр жеңілістердің бірі болып қала береді. Иә, спорт жеңіліссіз болмайды, бірақ Олимпиаданың орны бір бөлек", - деген Джокович матч соңында көз жасын тоқтата алған жоқ
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер