русский язык
Теннис

Анна Данилина Италиядағы турнирде топ жарды

Анна Данилина Италиядағы турнирде топ жарды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 51-ракеткасы Анна Данилина Парма (Италия) челленджер турнирінің жеңімпазы атанды.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген отандасымыз ресейлік Ирина Хромачёвамен бірге финалда бразилиялық Ингрид Гамарра Мартинс – франциялық Эликсан Лечемиямен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Қазақстандық-ресейлік жұп қарсыластарын 6:1, 6:2 есебімен ойсырата жеңді. Бір сағат 6 минутқа созылған бәсеке барысында олар 1 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Бразилиялық-франциялық дуэт 1 брейктен (5 брейк-пойнт) аса алмады.

Тағы бір қазақстандық Александр Бублик жұптық сында Рим мастерс турнирінің жартылай финалында америкалық Бен Шелтонмен бірге доданың 1-ракеткалары, испаниялық Марсель Гранольерс – аргентиналық Орасио Себальосқа жол берді – 4:6, 4:6.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;