русский язык
Футбол

Әліптің «Зениті» Ресей кубогының суперфиналына шықты

Әліптің «Зениті» Ресей кубогының суперфиналына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Санкт-Петербургтік «Зенит» Ресей кубогының РПЛ жолындағы финалының қарымта кездесуінде өз алаңында мәскеулік ЦСКА-ны жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Командалар арасындағы алғашқы ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Қарымта матчта гол соғылмады - 0:0. Ойын енальти сериясына ұласып, Зенит ойыншылары мықтырақ болды – 5:4.

Ресей кубогының суперфиналында «Зенит» Калининградтық «Балтикамен» ойнайды.

Трофей үшін ойын Мәскеудегі «Лужники» стадионында 2 маусымда өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының көшбасшысы Нұралы Әліп «Зениттің» негізгі құрамында шығып, бүкіл матчты өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;