русский язык
Хоккей

Хоккейден әлем чемпионаты: Франция — Қазақстан матчының тікелей трансляциясы

Хоккейден әлем чемпионаты: Франция — Қазақстан матчының тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, 11 мамырда Франция мен Қазақстан құрамалары арасында хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатының В тобындағы 2-ойын күнінің кездесуі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч Острава қаласындағы (Чехия) «Остравар Аренада» өтеді.

Ғалым Мамбеталиевтің командасы турнирдегі 7 кездесудің қорытындысы бойынша 7 ұпай жинап, соңғы әлем чемпионатын В тобында 6-орынмен аяқтады. Әлем чемпионатының тарихында команда ешқашан жеңімпаз атанған емес.

Франция - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 15:20-да басталады. Оны qazsporttv арнасынан көруге болады.

Сондай-ақ «В» тобында Қазақстан құрамасы АҚШ, Швеция, Германия, Польша, Словакия және Латвия құрамаларымен ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;