Қазақстандық спортшы Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызСу спорты бойынша әлем кубогы кезеңінде (Париж) 17 жастағы қазақстандық Виктор Друзин күміс медаль алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Qaz_team_official-ға сілтеме жасап.
Көркем жүзу, жеке:
Густаво Санчес (әлем чемпионы) – 204,0210 ұпай
Виктор Друзин – 163,7189
Кеннез Гаудет - 161,6187
Айта кетейік, Виктор Қытайда өткен әлем кубогы кезеңінде де осы спорт түрінен күміс жүлде алған болатын.
Сонымен қатар, кеше қазақстандық спортшы қыздар еркін бағдарламада үшінші болды.
Жапония – 323,3207 ұпай
Канада – 297,5853
Қазақстан – 253,633
(Этери Какутия, Айгерім Құрманғалиева, Наргиза Болатова, Арина Мясникова, Ксения Макарова, Анна Павлецова, Жаклин Якимова, Жәния Жиенғазы).