русский язык

Максим Самородов «Астанамен» өткен матч туралы ойын айтты

Максим Самородов «Астанамен» өткен матч туралы ойын айтты
news-banner7
mobile-news-top

«Ақтөбе» командасының жартылай қорғаушысы Максим Самородов Қазақстан Премьер-лигасының жетінші турында «Астанамен» өткен матч (1:1) туралы ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Екінші таймда бір ойыншы артық болдық. Дегенмен, бұл біздің ең мықты матчымыз болды деп ойламаймын. Біз жеңуіміз керек еді. «Астана жақсы ойнады», - деді Самородов.

Айта кетейік, «Ақтөбе» өз алаңында «Астанамен» 1:1 есебімен тең ойнаған болатын. Бірінші таймда есепті жартылай қорғаушы Исламбек Қуат ашып, кейін алаңнан қуылды. «Қызыл-ақтардың» сапында Ыдырыс Умаев гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;