русский язык

Бүгін QFL Әйелдер лигасының маусымы басталады

Бүгін QFL Әйелдер лигасының маусымы басталады
news-banner7
mobile-news-top

17 мамыр мен 4 қазан аралығында QFL Әйелдер лигасының ойындары өтеді.

Ел чемпионы атағы үшін «Ақтөбе», «БИІК-Шымкент», «Оқжетпес», «Ордабасы», «Томирис-Тұран» әйелдер футбол клубтары талас жүргізеді. Лига 4 айналымнан тұрып, Шымкент, Ақтөбе, Көкшетау және Түркістан қалаларында өтеді.

QFL Әйелдер лигасы аясында 20 тур және 40 матч жоспарланып, әр клуб әр қарсыласпен төрт мәрте кездеседі. Турнир жұма күні QFL Әйелдер кубогының қола жүлдегері «Ордабасы» мен түркістандық «Томирис-Тұран» арасындағы ойынмен басталады. Матчтар Шымкент қаласындағы «Биік» спорт кешенінде өтеді.

Айта кетейік, QFL Әйелдер лигасының ойындарын QFL.KZ сайты және Q Football, Q Arena телеарналарынан тікелей эфирде көре аласыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;