русский язык
Киберспорт

ESL Pro League Season 19: MOUZ командасы ширек финалға жолдама алды

ESL Pro League Season 19: MOUZ командасы ширек финалға жолдама алды
news-banner7
mobile-news-top

MOUZ командасы ESL Pro League Season 19 турнирінің C тобында бірінші орын үшін өткен матчта Team Liquid ұжымын жеңді. Кездесу 2:0 есебімен аяқталды (Nuke-де 13:11, Mirage-да 13:7), деп хабарлайды Prosports.kz.

Людвиг Brollan Бролиннің командасы плей-офф кезеңінің ширек финалына өтеді, ал Kasper cadiaN Меллердің командасы 1/8 финалдағы өнерін жалғастырады. Негізгі кезеңнің қалған қатысушылары 5 мамырда өтетін С және D топтарындағы кездесулерде анықталады.

Сонымен қатар, ENCE және HEROIC командалары турнирдегі өнерін аяқтады.

ESL Pro League Season 19 ивенті 23 сәуір мен 12 мамыр аралығында Мальтада өтіп жатыр. Қатысушылар $750 мың, BLAST ұпайлары және IEM Cologne 2024 турниріне жолдаманы сарапқа салып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;