русский язык
Единоборства

Grand Slam турнирі: бүгін татамиге шыққан үш спортшымыз жарысты аяқтады

Grand Slam турнирі: бүгін татамиге шыққан үш спортшымыз жарысты аяқтады
news-banner7
mobile-news-top
Душанбеде (Тәжікстан) дзюдодан Grand Slam турнирінің үшінші жарыс күні басталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

90 келідегі Аян Байғазы бірінші белдесуде чехиялық Давид Кламмертке есе жіберді.

Аса ауыр салмақтағы балуандарымыз да жарысты бірінші айналымда аяқтады. Ерасыл Қажыбаев түркиялық Ибрахим Татароғлыға, Еламан Ерғалиев ресейлік Денис Батшаевқа жол берді.

Қалған спортшылар жарысты жалғастыруда.

Айта кетелік, қазақстандық дзюдошылар Душанбедегі турнирден әзірге үш жүлде жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;